Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғанамын": Жас келіншек алтыншы баласын босанған енесіне шамданды

Жарияланған күні:

Тұрмыстағы келіншек 45 жастағы енесінің өмірге алтыншы баласын әкелгенін сөз етті. Айтуынша, әйелдің күйеуі анасын ойлап, уайымдап жүр екен. Кейіпкер кезінде өзіне көмектеспеген жолдасына ренжіп, оның бар ойы мен көңілі енесіне ауып кеткенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қызғанамын": Келіншек желіде алтыншы баласын босанған енесіне шамданды
Көрнекі фото: ivfga.com: UGC

Бұл туралы келіншек Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында жазды.

Оның сөзінше, ол бес баласы бар 45-тегі енесінің алтыншы баласына жүкті болғанына көңілі толмаған.

Айтуынша, үйлері онсыз да балаға лық толы екен. Сондай-ақ, ол кезінде өзіне назар аударылмаса да енесіне көп көңіл бөлінетініне қапалы.

"Тұрмыстамын. Күйеуімінің отбасында бес бала бар. Ол ең үлкені. Жуырда енем алтыншы баласына жүкті болды. Мен оның жасы 45-те екенін білгенде таңғалдым.

Бала деген бақыт, бірақ оны естігенде өзімді жайсыз сезіндім. Онсыз да үйіміз балаға толы. Бүгін енем босануға кетті. Күйеуім оны қатты уайымдап жатыр.

Өзім іштей қызғана бастаған сияқтымын. Себебі мен баламды босанған кезде ол іссапарға кетіп, жанымда болмады", - деп ағынан жарылды кейіпкер.

Келіншек өзі бала босанған кезде енесінің түсіністік танытпай, түртпектей бергенін де айтып қалды.

"Жүйкем жұқара бастады. Баламды босанған кездегі халім көз алдыма елестей береді. Ол кезде маған ешкім көмектеспеді, жалғыз едім. Енем де құр жатпай, тұр деп түртпектей беретін. Бір сөзбен айтқанда жайсыз сезінемін өзімді. Ата-енемнен бөлек шыққым келіп жүр, бірақ күйеуім оны қаламайды", - деп ағынан жарылды кейіпкер.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840886-kyzganamyn-zas-kelinsek-altynsy-balasyn-bosangan-enesine-samdandy/