jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Білім беру ісінің үздігі қазақстандықтарды екінші әйел алмауға шақырды

: UGC

Қазақстан білім беру саласының құрметті қызметкері, білікті ұстаз Аманбек Нарғабылов еліміздегі ер азаматтарды екінші әйел алмауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Замана басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Аманбек Нарғабыловтың айтуынша, Қазақстандағы жиі айтылатын әңгіменің бірі екінші әйел алу.

"Елімізде "Екі әйел алып, қазақтың санын көбейтеміз" деген әңгіме кездеседі. Ал қазақта "Екі әйел алыпсың, бітпес дауға қалыпсың", "Екі әйелдің балалары екі рулы елдей" деген қанатты сөздер бар. Екі әйел алмай-ақ, үйленген жастарды қосағыңмен қоса ағар деп, барлық жағынан жұптарының жазылмауына ел болып күш салсақ қазақтың саны көбейер еді.
Ал қазақ азаматтары жетім-жесір қалған бауырларына қамқор болып, ата-баба үрдісі бойынша әмеңгерлік жолмен үйленсе, онда қазақтың саны көбейіп қана қоймай, бауырмалдық кеңейіп, туыстар арасындағы ынтымақ артып, жетім-жесір жыламай өсер еді. Қазақта "Жетім көрсең, жебей жүр" деген де сөз бар", - деп сөзін бастады ол.

Білім беру ісінің үздігі ұстанамымыз, әдеп-ғұрпымыз ешкімнен кем емес екенін тілге тиек етіп, шетелдің жарамсыз қасиеттерін жастардың бойына сіңірмеуге шақырды.

"Жастарды қазақи оқу-білім, өнер, өсіп-өну, болашақта тәрбиелі болуға жетектеудің орнына шетелдің жарамсыз мәдениетін, әдет-ғұрыптарын тықпалаймыз. Мысалы, өмірі бітпейтін 300-500 сериялы, атыс-шабысты, баянсыз махаббатты көрсететін шетелдік фильмді балалармен бірге көріп, кейіпкерлермен қоса күліп, қоса жылап отырамыз.
Неге отандық фильмдерді көрмейміз? Соның салдарынан бала тәрбиесімен шұғылдануға сіздерде уақыт жоқ, нәтижесі жоғарыда келтірген жағымсыздыққа тіреледі", - деді Нарғабылов. 

Ұлағатты ұстаз "мемлекет болып, қоғам болып, оқу орындары болып, әрбір жан­ұя болып өз ұрпағымызға саналы тәрбие берсек, олардың өміріне, болашағына қырағы көзбен қарасақ, онда қазақтың болашағы жарқын болады" деген пікірде.

Еске сала кетсек, бұған дейін UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов екінші әйел алуға ниетті екенін білдірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Білім беру ісінің үздігі қазақстандықтарды екінші әйел алмауға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.