Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖК газбен жүретін көліктерге қандай белгі жапсыру міндеттелетінін айтты (фото)

Опубликовано:

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер газбен жүретін көліктерге арналған арнайы белгілердің эскиздерін көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ТЖК газбен жүретін көліктерге қандай белгі жапсыру міндеттелетінін айтты (фото)
Фото: facebook.com/ortcomkz парақшасындағы видеодан скрин: Depositphotos

Бірінші белгі - шеттері бойынша қара контуры бар сары түсті тік бұрышты үшбұрыш. Сондай-ақ, қара түсті "Газ" деген жазуы мен леп белгісі бар. Бұл белгі көлік бензиннен газға ауысқаннан кейін әйнегіне жабыстырылуы тиіс.

ТЖК газбен жүретін көліктерге қандай белгі жапсыру міндеттелетінін айтты (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Depositphotos

Екінші эскиз - газбен жүретін көліктерге сауда орталықтары мен тұрғын үйлердің жабық паркингтеріне кіруіне тыйым салатын белгі болмақ.

Беккер белгілердің бұл эскиздерінің әлі бекітілмегенін хабарлады.

"Эскиздер әкімшілік полиция комитетіне жіберілді. Жол жүру ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу әзірленуде", - деді Беккер.

Беккер белгілерді бекіту осы жылдың бірінші жартысына жоспарланғанын атап өтті.

Сөз соңында ведомство басшысы бұл мәселеде алғашқы қадамды Қазақстан жасап жатпағанын, бұған дейін осындай талаптар көршілес Ресейде енгізілгенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ТЖК төрағасы газбен жүретін көліктерге салынған жаңа тыйымды түсіндірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841082-tzk-gazben-zretin-klikterge-kandaj-belgi-zapsyru-mindetteletinin-ajtty-foto/