Алматыда ер адам қалың қарды көтере алмаған ағаштың астында қалды
Опубликовано:
Төтенше жағдайлар департаменті ауа райы қолайсыздығына байланысты оңтүстік астана тұрғындарына үндеу жолдады. Алматылықтарға ылғалды қардың салдарынан ағаш бұталарының құлап жатқаны ескертілді. Бүгінде құлаған бұтаның астында қалған ер адам туралы белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жексенбі күні құтқару қызметіне қала тұрғындарынан 110-нан астам қоңырау келіп түсті. Олар көшелерде ағаштар мен бұталардың құлап жатқанын хабарлады.
Ылғалды қардың ауырлығынан 93 ағаш пен 22 бұтаның құлағаны және 42 автокөліктің зақымдалғаны белгілі болды.
Сондай-ақ, бұталардың салдарынан зардап шеккендер туралы хабарланды.
Каменка шағын ауданында ағаштың бұтасы ылғалды қарды көтере алмай, 26 жастағы жігіттің басына құлаған. Жас жігіт ауруханаға жеткізілген, дегенемен мединалық көмек көрсетілгеннен кейін жәбірленуші үйіне қайтарылды.
Департаменттегілер алматылықтардан көліктерді ағаштың астына қоймауын, сондай-ақ ескі бұтақтардан айналып өтулерін сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні кешкі уақытта оңтүстік астананың басшысы Бақытжан Сағынтаев қаладағы коммуналдық қызметтердің қарды тазалау мәселесімен қалай күресіп жатқанын тексерді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841253-almatyda-er-adam-kaly-kardy-ktere-almagan-agasty-astynda-kaldy/