Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір орында ұзақ отырып қызмет істейтін әйелдер диабетке шалдығуы мүмкін

Опубликовано:

Америкалық ғалымдар бір орында ұзақ отырып жұмыс істеудің салдары диабеттің екінші түрімен ауыруға әкеп соқтыратынын айтты. Мамандар мұндай тұжырымға бірнеше әйелге зерттеу жүргізген соң келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

отыру
Көрнекі фото: NUR.KZ: Twitter

Зерттеушілердің айтуынша, олар егде және орта жастағы 500 әйелдерді жинап, нәзік жандыларға акселерометрлермен бекітілген белбеулерді тапсырып, бірнеше апта бойы өмірлерін бақылаған.

Ғалымдар осы құрылғының арқасында әйелдердің орнынан тұрмай, күніне қаншалықты орындықта не диванда отыратынын, олардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік алыпты.

Нәтижесінде отырудың әр 15 минутында еуропалық әйелдердің қанындағы қант 1%, ал Латын Америка елдерінің ханымдарында 5% жоғарылаған. Мамандардың айтуынша, егер әйелдер орындарынан тұрып, қозғалған кезде қандағы инсулин деңгейі төмендеген.

Зерттеушілердің есептеулері қандағы қант деңгейі және әйелдердің дене жасушаларының инсулинге деген сезімталдығы, ең алдымен, жалпы қозғалғыштық деңгейіне байланысты емес, диванда немесе орындықта тұрмай қанша уақыт өткізуіне байланысты екенін көрсеткен.

Сол себепті ғалымдар әйелдерге, әсіресе егде жастағы ханымдарға орнынан жиі тұрып, көп отырмауға кеңес береді. Олардың айтуынша, бір орында отырмау үшін спортпен шұғылдану міндетті емес, үйіңізге тазалық жүргізіп не болмаса тамақ дайындасаңыз да жеткілікті.

Еске сала кетсек, бұған дейін өте салқын немесе тым ыстық ішудің зияны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841478-bir-orynda-zak-otyryp-kyzmet-istejtin-jelder-diabetke-saldyguy-mmkin/

pixel