Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытты болсын десеңіз: Қыз тәрбиесінде қандай қателік жіберуге болмайды

Опубликовано:

Қыздар ер баладан тек сыртқы тұлғасымен ғана ерекшеленбейді. Олардың тәрбиесінде де ұлдарға қарағанда ескеретін өзгешеліктер көп. Осы ретте KAZ.NUR.KZ Ernur.kz-ке сілтеме жасап қыз тәрбиелеп отырған ата-аналарға төменде көрсетілген үш қателікті жасамауға кеңес береді.

Ата-аналарға кеңес: Қыз тәрбиесінде қандай қателік жіберуге болмайды
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Қыз баланы ұруға болмайды

Негізі ұл болсын, қыз болсын, баланы ұрып тәрбиелеу дұрыс емес. Алайда көптеген ата-аналар баласы бұзықтық жасап, тіл алмаған кезде шапалақпен тартып жіберуді құп көреді.

Қыз баласына жеңіл болса да шапалақ жегізуге болмайды. Өйткені, ол болашақ ана, ұрпақ жалғастырушы, бір үйдің отанасы.

Нәзік жандылардың еті шапалаққа үйренбеуі керек. Өйткені таяққа үйренген бала тұрмысқа шыққан кезде күйеуінің тепкісін дұрыс деп қабылдауы мүмкін. Балаға қол көтермей, нұқымай-ақ көп нәрсені сөзбен түсіндіруге болады.

Бойындағы өзімшілдік қасиетін басып тастауға болмайды

Эгоизм - адам психикасының сау жағдайы. Әрбір бала өзімшіл және бұл қалыпты жағдай саналады. Адам ең алдымен өзіне қамқорлық жасауы керек.

Негізі қыздарға қарағанда ұл балаларға көп еркіндік беріледі, ал қыздар қатаң бақылауда болады. Осылайша қыздар өсе келе жасқаншақ, жасық болып қалады.

Бала қай жаста болмасын оның күніне 1 сағат өзімен-өзі өткізетін, өзінің қалауын жасай алтын жеке уақыты болуы керек.

Мектеп жасындағы балаларда бұл уақыт кемі екі сағатқа созылғаны дұрыс. Сол уақыт ішінде қызыңыз айна алдынан шықпай немесе музыка тыңдаса да ештеңе деп жекімеу керек.

Қыз баласына уақытынан ерте есеюге жол бермеген дұрыс

Әрбір бала барлық балалық даму кезеңдерін біртіндеп бастан өткеруі керек. Бұл - табиғат заңы. Бірақ ұл балаларға қарағанда қыздар ерте жетіледі. Олар ересек өмірді көбірек аңсайды.

Кішкентай кезден-ақ анасының біз өкшелі туфлиін, көйлегін киіп сәнденуге құмартады. Сондықтан осындай кезеңде әрбір ата-ана қызына барлығының уақытымен болатынын айтып отыруы керек.

Еске сала кетсек, бұған дейін балаға жыныстық тәрбиені қалай берген дұрыс екенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841545-bakytty-bolsyn-deseiz-kyz-trbiesinde-kandaj-katelik-ziberuge-bolmajdy/

pixel