16 жастағы қазақстандық зілтемірші әлемдік рекорд орнатты (фото, видео)
Жарияланған күні:
Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен ұлдар, қыздар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 16 жастағы Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мәлім еткендей, споршы қоссайыс нәтижесінде 356 келіні (158+198) бағындырып, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер және 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды.
Сондай-ақ қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер арасында серпе көтеру жаттығуында әлемдік рекорд орнатты.
Азия біріншілігіне елімізден 10 спортшы қатысқан болатын, олардың барлығы жүлделі орындарға ие болды. Жалпы Қазақстан командасының қоржынында 9 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль бар.
Осылайша, алтынға Гүлнұр Ыбырай (64 келіге дейін, қыздар), Сайхан Тайсуев (до 67-ге дейін, жасөспірімдер), Карина Кузганбаева (81-ге дейін, жасөспірімдер), Нұрғиса Әділетұлы (89-ға дейін, жасөспірімдер), Артем Антропов (до 96-ға дейін, жасөспірімдер), Айсамал Сансызбаева (81 келіден жоғары, қыздар және жасөспірімдер арасында) және Рахат Бекболат (102 келіге дейін, жастар және жасөспірімдер арасында) қол жеткізді.
Абылай Әуелханов 55 келіге дейінгі жасөспірімдер арасында күміс және осы салмақта жастар арасында қола медальға, Гүлнұр Ыыбрай алтыннан бөлек, 64 келіге дейінгі жасөспірімдер арасында күміс медальға, Сайрамкез Ақмолда (61-ге дейін, жасөспірімдер) және Есенкелді Сапи (81-ге дейін, жасөспірімдер) қола медальға ие болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін 355 келіні бағындырған Илья Ильиннің чемпион атанғанын хабарлаған болатынбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841608-16-zastagy-kazakstandyk-ziltemirsi-lemdik-rekord-ornatty-foto-video/