Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алла кешірсін": Шах-Керім өзін даттаған "Қалаулымның" экс-қатысушысына жауап берді

Опубликовано:

"Қалаулым сен" бағдарламасының редакторы Шах-Керім Карменов Instagram парақшасында өзін "өсектеген" жігіттерге жауап берді. Оның сөзінше, жобаның бұрынғы қатысушысы Айдын Жұмаханның Нұрболхан Шараповқа берген сұқбатындағы сөздері шындыққа жанаспайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Арзан дүние": Шах-Керім өзін даттаған "Қалаулының" бұрынғы қатысушысына жауап берді
Фото: instagram.com/shahkerim, видеодан кадр: UGC

Жоба редакторы Шах-Керім Карменов мұсылмандарды өзіне қарсы қойған жігітке жауап берді.

Оның айтуынша, Айдын Жұмаханның сұқбат беруге киген киімінде өзге діннің таңбасы бейнеленген.

"Үндемей қоя салайын деп едім, үндемеуге болмай жатыр. Қазақтың екі жігіті ас үйдегі жеңгелеріміз ұқсап, мен жайлы өсек айтыпты. Ешқандай дәйек, дәлелсіз "мен естідім, мен көрдім" деген әңгімеге құрылған арзан дүние.

Мұсылман бауырларымды маған қарсы қойып, мені ұяларлық бір діннің өкілі етіп қойды. Ал Айдын мырзаның өзі сол интервьюге "Звезда Давида" дегенге ұқсас, алты шұбар жұлдыздың бейнесі бар жейде киіп алып, әңгіме айтыпты.

Жекеме келіп жатқан хаттарға қарағанда, оқырмандар оған сенген екен", - деді Шах-Керім.

Сондай-ақ, ол "Қалаулым сен" бағдарламасы үш жыл ішінде ешбір жанның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмегенін айтып өтті.

"Енді арандатушы жігіттердің жұмысының нәтижесінде мен қазір Алматы әуежайында, жездемнің жаназасын шығаруға бара жатырмын.
"Қалаулым сен" бағдарламасының үш жылдық тарихында ешбір адамның ар-намысына, өміріне нұқсан келмеген. Бір Аллаға тапсырдым. Сендерді Алла кешірсін. Мен кешірем бе, жоқ па, оны қазір айта алмаймын", - деп түйіндеді ол.

Естеріңзіге сала кетейік, "Қалаулымның" бұрынғы қатысушысы әзілкеш Нұрболхан Шараповқа сұқбат беріп, жоба мен оның редакторы жайлы біраз шындықтың бетін ашқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841652-alla-kesirsin-sah-kerim-zin-dattagan-kalaulymny-eks-katysusysyna-zauap-berdi/

pixel