jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қордай оқиғасы: Қырғызстанға өтпек болған ана жаңа туған сәбиінен айырыла жаздаған

: UGC

Қордайдағы тәртіпсіздіктен соң ауыл тұрғындары жаппай Қазақстаннан қырғыз еліне қарай өтпек болған еді. Сол кезде өмірге келгеніне небәрі 25 күн болған нәресте өлім құша жаздаған деп хабарлайды

KAZ.NUR.KZ

Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

қорадлйц
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қырғызстанмен шекара маңында жаппай төбелес орын алып, артынша бір нәрестенің қайтыс болғаны туралы ақпар желіде тараған болатын.

Шын мәнісінде, топырлаған адамдар салдарынан жас ана өмірге келгеніне небәрі 25 күн болған қызынан айырылып қала жаздаған. Алайда дер кезінде қайғылы жағдайдың алдын алған.

Екі баланың анасы дүрбелең кезінде туыстарына кетпек болады. Келіншек үлкен баласын көрші елге бірінші жіберген екен. Ал шекарадан құндақтаулы баласымен өтер кезде адамдар көп жиналғандықтан сәбиі тұншығып қалыпты.

21 жастағы келіншектің сөзінше, нәресте есінен танып қалған. Бұл туралы балаға дереу көмек керек екенін түсінген жанындағы әйелдер айтыпты. Қатты абыржыған ана айқайлай бастаған. Осы кезде шекарашылар сәбиді қақпа арқылы алып, медбикелерге беріпті.

Анасы шекарадан өткен соң, қызын дін аман өзіне қайтарып берген. Сәби есін жинап, қарны ашқандықтан қатты жылаған. Оқиғадан кейін анасы мен баласы ауруханаға жатқызылған. Олар медициналық мекемеде ем алған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы.

Еске сала кетсек, 7 ақпанда орын алған Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 11 адам мерт болды.

Бүгін Ішкі істер министрлігі аталған жағдайға байланысты 90 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қордай оқиғасы: Қырғызстанға өтпек болған ана жаңа туған сәбиінен айырыла жаздаған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.