jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    "Сиырға туған күн бұзауға да туады": Бақытжан Сағынтаев зейнеткерлік жайлы сөз қозғады

    : Original

    Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру жиынында зейнет жасына жеткен азаматтарға арналған бағдарламаларға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ

    Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    са,ғыгта
    Фото: NUR.KZ: Original

    Есеп беру кезінде мегаполис басшысына 63 жастағы тұрғын сұрақ қойған. Оның сөзінше, өзі жұмыс істейтін орында зейнет жасына жеткен адамдарды жұмыстан шығарып жатқан көрінеді.

    "Мен 63 жастамын. Зейнетке шыққалы жатырмын. Мен жұмыс істейтін жерде менің жасымдағы адамдарды жұмыстан шығарып жатыр. Таныстарымның ішінде зейнет жасынан кейін өз тәжірибесімен бөлісіп, қызмет етіп жүрген кісілер де бар. Ал мен қаламыздың көркеюі үшін жұмыс істесем деймін. Зейнеткерлерге арналған қандай да бір бағдарлама бар ма?", - деді қала тұрғыны.

    Сағынтаев қойылған сауалдың салмақты екенін айтып, идеяның Қоғмдық кеңестің талқысына түсетінін мәлімдеді.

    "Сіз әлі жассыз ғой. Қазақтың "Сиырға туған күн бұзауға да туады" деген сөзі бар. Сіздің жұмыс берушіңіз де 63-ке келеді бір күні. Не айтып жүргенін сол кезде түсіне жатар. Бұл өте салмақты сауал.
    Көп адам зейнет жасына жеткен соң қызметтен кетіп, отбасына, немере қарау керек дейді. Жақсы идея тастадыңыз. Бұл сұрақты сізбен, Қоғамдық кеңеспен ақылдасамыз. Себебі аға буыннан жастарға тәлімгер керек", - деді қала әкімі.

    Еске сала кетсек, Бақытжан Сағынтаев бүгін, 19 ақпанда қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, халыққа есеп берді. Сондай-ақ әкім халықтың көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, оңтүстік астанадағы көк түтіннен құтылу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

    Сонымен қатар, қала әкімі Алматы қаласының меншігіне 38 гектар жердің қайтарылғанын, оған қоса әуежай маңындағы жерлерді шаһар иелігіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    Одан бөлек, мегаполис басшысы митингтерге қатысты да өз пікірін білдірді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Сиырға туған күн бұзауға да туады": Бақытжан Сағынтаев зейнеткерлік жайлы сөз қозғады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.