Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Голос. Дети" жобасындағы жанжал: Алсу дауысты қалай сатып алғанын айтты

Опубликовано:

Ресейлік әнші Алсу "Голос. Дети" тележобасында болған жанжалға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Сол кезде оның қызы бірінші орын алса, қазақстандық әнші Ержан Максим екінші орыннан көрінген болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі: UGC

Ксения Собчакқа берген сұхбатында Алсу "Голос. Дети" тележобасында болған дауыс беру жүйесінің олқылығына тоқталды.

"Шоудың ережесі бойынша әрбір адам 20 рет дауыс бере алады. Бұл дегеніміз, адам жағдайына қарай дауыс береді. Шын мәнінде, бұл – әділетсіздік. Ұйымдастырушылардың осы әдісті әділетсіз деп танып, ережені өзгерткені дұрыс болды", - дейді Алсу.

Осыдан кейін әнші дауысты сатып алғанын ашық айтты. Ол екі телефонмен дауыс берген. Сөйтіп, Бірінші арнаның ережесімен бекітілген барлық 40 SMS –ты пайдаланған.

"Иә, дауыстарды сатып алғанымды мойындаймын. Мен Бірінші арнаның ережесімен рұқсат етілген дауыстардың көлемін сатып алдым. Бәрі солай істеді ғой. Ақшасыз дауыс беру мүмкін болмады. Оны Нагиев де үнемі еске салып отырды. "Сатып алыңдар, сатып алыңдар, бұл – балаларға жасалатын көмек" деп айтты. Менде екі телефон, өз басым 40 SMS сатып алдым", - деп атап көрсетті әнші.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841805-golos-deti-zobasyndagy-zanzal-alsu-dauysty-kalaj-satyp-alganyn-ajtty/

pixel