Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинада оппозициялық партия коронавирусқа байланысты үкіметті отставкаға жіберуді талап етті

Опубликовано:

Украинада коронавирусқа байланысты Қытайдан украиналықтармен бірге шетелдік азаматтарды да эвакуациялау туралы шешімнен соң оппозициялық партия мүшелері үкіметтің отставкаға кетуін талап етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Украинада коронавирус салдарынан үкіметті отставкаға жіберу туралы талап қойылды
Украина үкіметі. Фото: kmu.gov.ua: Facebook

"Оппозициялық платформа - Өмір үшін" партисяының мүшелерінің айтуынша, инфекция тарала қалған жағдайда Украина оған қарсы тұруға дайын емес.

Осыған байланысты саясаткерлер "карантинге" жауапты шенеуніктің бәрін қызметінен алып тастауды талап еткен.

"Карантиндік авантюраға" жауапты шенеуніктің бәрін қызметіне алуды талап етеміз. Гончарчук үкімет - бұл ұлттық қауіпсіздік үшін ең үлкен сынақ. Парламент бұл жауапсыз компанияны отставкаға жіберуге міндетті", - деді партия мүшелері.

Сондай-ақ саясаткерлер тез арада барлық елдердің үкіметімен кеңесу керектігін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Иранда екі адамның коронавирустан көз жұмғаны хабаранды.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы аурулар жөніндегі ұлттық комитеттің мүшесі Масуд Марданидің сөзінше, марқұмдар Қытайдан келген адамдармен немесе Қытай азаматтарымен байланыста болмаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841827-ukrainada-oppozicialyk-partia-koronaviruska-bajlanysty-kimetti-otstavkaga-ziberudi-talap-etti/

pixel