"Тоқ жемейді": Желіде қардан тоңазытқыш жасаған азаматтың видеосы тарап кетті
Опубликовано:
WhatsApp мессенджерінде Ақмола облысында соққан бораннан пайда болған тоңазытқыштың видеосы тарап жүр. Бейнеролик авторының сөзінше, қатты дауылдың салдарынан олар су жаңа құрылғыға ие болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
!["Тоқ жемейді": Ақмола облысында ер адам даладағы қардан жасалған тоңазытқышты көрсетті "Тоқ жемейді": Ақмола облысында ер адам даладағы қардан жасалған тоңазытқышты көрсетті](https://cdn.nur.kz/images/1120/9157409739818eab.jpeg)
Желіде тараған видео кадрларында терезенің сыртын қалың қар жапқанын көруге болады. Алайда үй иелері қарды алып тастамай, керісінше, одан үш сөресі бар тоңазытқыш жасап, пайдасына жаратыпты.
"Тоңазытқыш-2020. Қараөткел ауылдық округі, Целиноград ауданы, Ақмола облысы. Жаңа тоңазытқыш. Биыл бізге боранның берген пайдасы осындай. Тоңазытқыш жасап берді", - дейді видео авторы.
Бейнежазбадан тоңазытқыштың үш сөресінде де азық-түліктер тұрғанын көруге болады. Ал ең төменгі сөреде ет сақталады екен.
"Үстінде, ортасында сөрелер бар. Астыңғы сөреде ет тұр. Ол ,былайша айтқанда, мұздатқыш", - деді ол.
Видео авторы мұндай тоңазытқыштың шығын шығармайтынын да атап өтті.
Бір жақсысы, тоқ жемейді. Рахат, есікті жауып, пердені тарта саласың", - дейді азамат.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін белуардан қар кешіп, әкімдікке мұңын шаққан ақынның желіде жұлдыз болғанын жазған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841948-tok-zemejdi-zelide-kardan-toazytkys-zasagan-azamatty-videosy-tarap-ketti/