Алматыда рейд жүргізіліп, 183 жезөкше ұсталды (фото, видео)
Опубликовано:
Он күн ішінде оңтүстік астанадағы құқық қорғау органдарының бөлімдеріне 183 жеңіл жүрісті азаматша жеткізілген, олардың 15-і – шетел азаматшасы. Ұсталғандардың 11-інің өздерімен бірге құжаттары болмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Фото: Алматы ПД Фото: Алматы ПД](https://cdn.nur.kz/images/1120/3a453265081a582e.jpeg)
Ұсталған 183 "түнгі көбелектің" 15-нің шетелден келгені анықталды. Атап айтқанда, үшеуі – Ресей, бесеуі – Өзбекстан, алтауы – Қырғызстан және біреуі – Украина азаматшасы болып шықты деп жазды Polisia.kz.
![Фото: Алматы ПД Фото: Алматы ПД](https://cdn.nur.kz/images/1120/68dc1ae7d3ceed54.jpeg)
Ұсталған қыздардың он бірінде өздерімен бірге құжаттары болмаған, сондықтан олар қабылдаушы-бөлуші бөліміне орналастырылған.
![Фото: Алматы ПД Фото: Алматы ПД](https://cdn.nur.kz/images/1120/6e1eb9d18aa83129.jpeg)
Полицияның ақпарынша, тек өткен түннің өзінде мегаполистің төменгі бөлігінде интимді сипаттағы қызмет көрсетілетін екі қонақ үй анықталған.
![Фото: Алматы ПД Фото: Алматы ПД](https://cdn.nur.kz/images/1120/6808bbd152b433e4.jpeg)
Осылайша, жақында тәртіп сақшылары аталған орындардан жиырма жезөкшені ұстаған. Сондай-ақ қонақ үй қожайындары да жауапкершілікке тартылған.
![Фото: Алматы ПД Фото: Алматы ПД](https://cdn.nur.kz/images/1120/552e81362def5c87.jpeg)
Айта кетейік, биылдың басынан бері оңтүстік астана аумағында адам саудасына қатысты бес қылмыстың жолы кесілген.
Бұған дейін, Шымкентте интимді қызмет көрсететін жігіттердің көбейгені туралы жазғанбыз.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Шымкентте жыныстық жолмен жұғатын аурулар, соның ішінде ЖИТС дерті (СПИД) кең тарауда.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842166-almatyda-rejd-zrgizilip-183-zezkse-staldy-foto-video/