"Ата-анасы қарсы қояды": Жігітінің досынан жүкті болған ару желіде мұңын шақты
Жарияланған күні:
Жігітінің досын ұнатып қалып, одан бала көтерген ару сүйіктісінің ата-анасы не оны не немерелерін қабылдамай жатқанын сөз етті. Айтуынша, олар бірнеше рет оған түсік тастатқызбақшы болыпты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бойжеткен басындағы жағдайы туралы Instagram-дағы astana__forum парақшасында жазды.
"Бір жігітпен жарты жыл кедесіп жүрдім. Бірақ біраз уақыттан кейін оны емес, жақын досын ұнатып қалғанымды түсіндім. Ол да мені жақсы көретін болып шықты. Көп ұзамай екеуіміз кездесе бастадық. Алайда қазіргі сүйіктімнің ата-анасы мені қабылдағысы келмейтінін ашық айтты", - деді ол.
Жігітім ата-анасын көндіру үшін менің бала көтеруімді сұрады. Айтуынша, арамызда бала болса, олар қарсы болмайтын еді. Көп ұзамай жүкті екенімді білдім. Ол ата-анасына бұл жаңалықты айта алмай көп жүрді. Мен оның әпкесіне бар шындықты айттым. Ал ол ата-анасына жеткізді. Олар ашуға булығып, мені түсік жасауға талай рет көндірмек болды.
Баламның әкесін сүйемін, бірақ ата-анасы бар шындықты білген соң екеуіміз көп ұрсысатын болдық. Ол мені енді сүймейтінін, баланың да оған қажет емес екенін айтты.
Ата-анасы баладан хабарсыз болған кезде сүйіктім сағат сайын келіп, халімді біліп, жағдайымды жасайтын. Мұндай жағдайда не істеу керек?", - деп ағынан жарылды ол.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842203-ata-anasy-karsy-koady-zigitini-dosynan-zkti-bolgan-aru-zelide-myn-sakty/