Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман және боран: Нұр-Сұлтан мен 7 облыста дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қазақстандық ауа райын болжау қызметінің мамандары бүгін, 24 ақпанда еліміздің жеті аймағында дауылды ескерту болатынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Instagram

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін елордамызды тағы тұман басады.

Ақмола облысының кей жерлеріне және Көкшетау қаласына түнде және таңертең түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, бұрқасын болады деп күтілуде. Аймақта оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел болуы ықтимал. Қостанай қаласында оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарын тұман басып, жел күшейеді. Өңір орталығы Орал қаласында тұман түсіп, желдің екпіні 18 м/с дейін баратыны болжанды.

Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтілуе. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз жылдамдығы 18 м/с құрайды. Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ болуы мүмкін.

Маңғыстау облысының кей жерлері мен Ақтау қаласында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде де тұман түседі.

Еске сала кетсек, осыған дейін ауа райына байланысты бес облыста ескерту жарияланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842414-tman-zne-boran-nr-sltan-men-7-oblysta-dauyldy-eskertu-zarialandy/

pixel