Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жергілікті олигархтың ұлына сот үкімі шықты

Опубликовано:

24 ақпанда Шымкент қалалық сотында "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұрынғы директоры, жергілікті олигархтың ұлы Асылжан Жамалбековке қатысты сот үкімі шықты хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асылжан Жамалбеков. Фото: Facebook
Асылжан Жамалбеков. Фото: Facebook: Twitter

Шымкент қалалық сотының мәліметінше, Жамалбеков 2015 – 2017 жылдар аралығында  "Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директор қызметін атқарып жүріп, өз міндеттерін қызметіне ұқыпсыз қарауы салдарынан тиісінше орындамай, абайсызда мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық танытқан.

Сонымен қатар "Жұмыспен қамту – 2020" бағдарламасын бекіту туралы" қаулының талаптарын сақтамай, республикалық бюджеттен бөлінген трансферттік қаражаттардың мақсатты жұмсалуына тексеру мен бақылауды өз деңгейінде жүргізбей, нәтижесінде сотталған И.Т.Джунусалиева және басқа тұлғалар тарапынан жеке кәсіпкерлердің есеп шоттарына тиісті қаражаттардың негізсіз аударылуына жол берілген.

Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотының 24 ақпандағы үкімімен Асылжан Жамалбеков ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ, оған екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төрт миллион бес жүз отыз сегіз мың теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Жамалбеков сот үкiмі заңды күшiне енген күннен бастап бiр ай ішінде айыппұлды төлеуге мiндеттелді.

Сот сонымен қатар Жамалбековке не себепті мұндай шешім шығарғанын түсіндіріп өткен.

Судьяның мәлімдеуінше, Жамалбековке айыппұл жазасын тағайындауға оның жасаған әрекеті абайсызда жасалған онша ауыр емес қылмысқа жататыны, жасаған қылмысын мойындап, шын өкінуі, асырауында жасөспірім үш баласының болуы, ауырлататын мән жайлардың анықталмауы негіз болған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік бұған дейін Асылжан Жамалбековке қатысты сот отырысы басталғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842494-symkentte-zergilikti-oligarhty-lyna-sot-kimi-sykty/

pixel