Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскер қатарына алынғандардың кредит төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін

Опубликовано:

Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүрген қазақстандықтардың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында мәжіліс депутаты Юрий Тимощенко осындай ұсыныс жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz: Facebook

Халық қалаулысы қазіргі таңда әскерге шақырылушылар арасында несие төлейтіндер көп екенін жеткізді.

Айтуынша, сол себепті олар жақындарына ауыртпалық түсірмес үшін әскерге бармауға тырысып жатады. Сондай-ақ, несие бойынша төлем мерзімін шегеруді сұрайтындар да жоқ емес.

"Егер шақырылушы әскерге аттанса, онда оның кредиті ата-анасы мен туыстарына ілінеді. Сондықтан заңда қарыздың ата-аналарға берілмеуі керек екенін назарда ұстауымыз қажет. Біз әскери қызмет кезінде кредит төлеу мерзімін бір жылға тоқтата тұруды ұсынамыз", – деді Юрий Тимошенко.

Депутаттың пікірінше, несиенің болуы және оның уақытылы төленбеуі немесе туыстарына өтуі отан алдындағы борышын өтеп жүргендердің психоэмоционалды жағдайына теріс әсер етеді.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы 12 ақпанда ел азаматтарының отан алдындағы борышын өтеуге қатысты жарлыққа қол қойған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842624-skeri-borysyn-teusilerdi-kredit-tleu-merzimi-kejinge-segerilui-mmkin/

pixel