Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирандық саясаткер коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді (видео)

Опубликовано:

57 жастағы Иранның парламент депутаты Махмуд Садекидің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ирандық саясаткер коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Фото: icana.ir: UGC

Бұл туралы саясаткердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Коронавирусты анықтауға арналған сынама оң нәтиже көрсетті. Мен бұл туралы ары қарай өмір сүре алатыныма аса бір үмітім болмаған кезде хабарлап тұрмын", - деп жазды ол Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчиден коронавирус анықталғаны белгілі болған. Дәрігердің өзі де коронавирус жұқтырғанын растаған болатын.

Соңғы мәліметтер бойынша Қытайдың Ухань қаласында 195 тұрғын COVID-19 коронавирусын қайта жұқтырған. Аурудан айыққан азаматтарда қатерлі пневмонияның неге қайта пайда болғаны белгісіз.

26 ақпан күнгі ақпаратқа сәйкес жаңа коронавирус дүние жүзі бойынша 80,4 мың адамда тіркелген.

Қайтыс болғандар саны 2,7 мыңға жеткен.

Ауруды жеңгендер қатары да айтарлықтай өсіп келеді. Нақтырақ айтқанда, коронавирустан жазылғандар саны 27,8 мың адамға жетіп отыр.

Айта кетсек, еліміздің Азаматтық авиация комитетінің басшысы Қазақстан коронавирус тараған бірқатар елмен әуе қатынасын уақытша шектеу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеген еді. Тізімде Иран да бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842731-irandyk-saasatker-koronavirus-zktyrganyn-mlimdedi-video/

pixel