Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

96 жасында екінші рет ұлды болған қарт төсекте темекі шегемін деп мерт болды

Жарияланған күні:

Әлемдегі ең кәрі әке атанған үндістандық Харьяна штаты Харкхода қаласының тұрғыны 104 жасында кереуетте темекі шегемін деп қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Рамджит Рагав. Кадр: CAP TV / YouTube
Рамджит Рагав. Кадр: CAP TV / YouTube: Instagram

104 жастағы Рамжит Рагав 2010 жылы 60 жастағы әйелі Шакунтала Викрамджит есімді ұлды дүниеге әкелген соң әлемдегі ең кәрі әке атағына ие болған еді.

Ол 2012 жылдың қазан айында 96 жасында екінші ұлы Ранджит дүниеге келген соң өз рекордын жаңартты.

2013 жылы оның үлкен ұлы жоғалып кетеді. Шакунтала баласын ауруханаға апарып, ұйықтап қалған. Ал алты айдан кейін Шакунтала екінші ұлын алып, Рагавтан кетіп қалады. Ол күйеуі үйде жоқ кезде ізін суытқан. Күйзеліске түскен Рагав балаларын сағынғанын айтып, мұндай өмірдің қажеті жоқ екенін айтқан екен.

2020 жылдың 11 ақпанында Рагавтың көршісі Сабодх айқайды естіп, бірден үйге жүгіріп келген. Ол түтінге оранған ғимараттан Рамжитті көрген. Ол төсекте жатып темекі шеккеннен өрт пайда болған екен.

Осылайша, көршісі Раговқа су құйып, өз автокөлігімен ауруханаға апарыпты. Дәрігерлер зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп, оны басқа медициналық мекемеге жібергенімен, келесі күні Рагов алған күйіктерінің салдарынан көз жұмған.

Айта кетейік, бұған дейін планетаның ең қарт тұрғыны, жапониялық Ватанабе Титэцу 23 ақпан күні 112 жасында дүниеден озғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842746-96-zasynda-ekinsi-ret-ldy-bolgan-kart-tsekte-temeki-segemin-dep-mert-boldy/