Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда электронды мүфтият іске қосылмақ

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда өткен алқалы жиында Бас мүфтиге "Е-мүфтият" жобасының жоспары таныстырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

мүфтият
Фото: muftyat.kz: Twitter

"Е-мүфтият" ақпараттық жүйесі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрылған.

ҚМДБ-ның ақпаратынша, оған діни қызметкерлер туралы деректер, соның ішінде олардың білім деңгейі, ғылыми дәрежесі, ұлты, отбасылық жағдайы жайлы мәліметтер жазылады.

Одан бөлек, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мешіттер туралы ақпараттар мен мұсылмандарды қызықтыратын басқа да мәліметтер беріледі.

"Қазір электронды технологияның даму уақыты. Әлем электронды жүйеге көшу процесінде, біз, діни қызметкерлер де осы үрдістен қалмауымыз керек. Сол себепті осы жобаны жасап, іске қосуды тапсырамын", - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске сала кетсек, жетінші ақпанда Қазақстанның Бас мүфтиі ауысқан еді. Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын бұрынғы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ұсынған болатын.

Наурызбай қажы Тағанұлы осыған дейін ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы қызметін атқарған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842848-kazakstanda-elektrondy-mftiat-iske-kosylmak/

pixel