Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында 45 тәжікстандық мінген автобус аударылып қалды (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе обысында 45 Тәжікстан азаматы мінген автобус апатақа ұшырады. Жол тайғақ болғандықтан транспорттық көлік аударылып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Диапазон газетіне сілтеме жасап.

автоубс
Фото: diapazon.kz: Facebook

Ақтөбе облысы ПД ақпарынша, жол-көлік оқиғасы 26 ақпанда, шамамен сағат 20:00-де, Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде болған.

Автобус Шымкенттен Екатеринбургке қарай бара жатқан. Салонда 48 адам болған. Оның үшеуі қазақстандық жүргізуші, қалған 45 жолаушы Тәжікстан азаматтары.

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Патрульді полиция мен ТЖД қызметкерлерінің күшімен жолаушылар автобус астынан шығарылған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сондай-ақ елді-мекен сыртына шыққан сәтте метеорологиялық жағдайларды есеп алуға кеңес береді.

Еске сала кетсек, 25 ақпанда дәл осы Ақтөбе облысы Қарабұтақ-Қостанай тас жолында жантүршіктірерлік жол апаты орын алып, төрт шетелдік азамат көз жұмған еді.

"Honda" маркалы көлігі "Volvo" жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан “Honda” көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Полиция департаментінің дерегінше, қаза тапқандардың Тәжікістан азаматтары екендігі анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842955-aktbe-oblysynda-45-tzikstandyk-mingen-avtobus-audarylyp-kaldy-foto/

pixel