Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйленсе де кездескісі келеді": Жас келіншек бұрынғы күйеуі туралы сырын ашты

Опубликовано:

Төрт жыл бұрын күйеуімен ажырасқан келіншек онымен араға уақыт салып кездесіп тұрғанын айтты. Алайда ер адам жуырда қайта үйленіпті. Соған қарамастан ол экс-жұбайымен кездескісі келетінін жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Алаш айнасы" басылымына сілтеме жасап.

"Үйленсе де кездескісі келеді: Келіншек бұрнығы күйеуіне шамданды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Әйелдің сөзінше, ол енді қайта отбасылы болған бұрынғы күйеуімен кездесуден бас тартып жүр екен.

"Ажырасқанмын, оның бірнеше себептері бар. Күйеуіммен 4 жыл бөлек тұрамыз, бір баламыз бар. Жақында бұрынғы жарым екінші рет үйленді.
Ол үйленбей тұрғанда біз бірнеше рет кездесіп тұрғанбыз. Енді ол үйленсе де, менімен кездесіп тұрғысы келеді", - деп жазды ол.

Келіншектің сөзінше, ол бұрынғы жұбайымен кездесуден кетәрі емес. Алайда онымен қайта қосылу ойында жоқ екен.

"Өзімнің де кездескім келеді, бірақ үйленіп кеткеннен кейін ол дұрыс емес деп ойлаймын. Оны не жақсы көретінімді, не жек көретінімді білмеймін.

Бір ойым, өз бетіне қойғым-ақ келеді, бір ойым әйеліне жазып, кездескенімізді айтып ажыратып жібергім келеді. Оны әшкерелегенім дұрыс па?

Бірақ өз ойымда қайта қосылу жоқ. Тек куйеуімнің оңбағандығына жыным келеді. Бір жағынан өзімді де түсіне алар емеспін. Не істеуге болады?", - деп жазды келіншек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842963-jlense-de-kezdeskisi-keledi-zas-kelinsek-bryngy-kjeui-turaly-syryn-asty/

pixel