Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туысы құрған қаржы пирамидасына алданып қалған бес баланың анасы мұңын шақты

Опубликовано:

Баян Бақытжанқызы есімді көпбалалы ана күйеуімен бірге жақын туыстарының инвестициялық компаниясына несие алып, қомақты қаржы салғанын айтты. Алайда көп ұзамай компания жабылып, отбасы бар қаражатынан қағылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық арнадағы "Ниет" бағдарламасына сілтеме жасап.

Туысы құрған қаржы пирамидасына алданып қалған бес баланың анасы мұңын шақты
Фото: Видеодан кадр: UGC

Бес баланың анасы табыс көзін кеңейту мақсатында жақын туысының инвестициялық ұйымына ақша құйғанын сөз етті.

Келіншектің айтуынша, ол күйеуі екеуі жинаған қаражатпен қатар, банктен несие алып осы компанияға ақша салған.

"Көпбалалы анамын. Үш балам мүгедек. Өте жақын туысым Түркістан облысы Төлеби ауданында инвестициялық ұйым ашып, сонда бір жыл істеді. Бір теңгеміз екі теңге болсын деп мен де маусым айынан бастап несие алып, бар тапқан-жинағанымды сонда құйдым.
"Ай сайын үстінен 50 пайыз ақша құйып береміз" деді. Жақын туысым кепіл боламын деген соң, салдық. Бір ауданның бюджеті салынған шығар сол ұйымға. Содан осы қазан айында ақшамыз күйді. Қазір 149 мың теңге несие төлеймін. Туыс болған соң сендім оған", - дейді Баян Бақытжанова.

Кейіпкердің сөзінше, ол туысқанына алданып қалғаннан кейін несині жабу үшін басқа, Gold атты инвестициялық ұйымына ақша салған. Алайда араға бірнеше аптада салмай аузы қайта күйген.

"Басымда несием болғандықтан Gold компаниясына ақша салып, келісімге отырған едім. 28 қаңтар ұйымның ашылуы болды. Бас қаламыздан енді ашылып жатқан соң бірден жабылып қалады деп ойламадым. Содан бүкіл алтындарымды ломбардқа өткізіп, 300 мың ақша құйдым. Сөйтіп бұл 11 ақпан күні жабылды", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының полиция қызметкерлері 22 ақпан күні "Гарант 24 Ломбард" пен "Estate Ломбард" филиал директорларын қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұстаған болатын.

Айта кету керек, "Гарант 24 Ломбард" филиалының директорлары Қазақстанның үш қаласында тұтқындалды.

Ал "Гаранттың" 27 жастағы иесі Аслан Мырзабеков қазір өзге елде бас сауғалап жүр. Желіде оның халыққа жолдаған видеоүндеуі пайда болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843020-tuysy-krgan-karzy-piramidasyna-aldanyp-kalgan-bes-balany-anasy-myn-sakty/

pixel