Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат Kaspi Gold иелеріне табыстың 3 пайыз салық ретінде төлеуді ұсынды

Жарияланған күні:

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Илья Мещеряков Kaspi Gold картасын қолданатын елордалық кәсіпкерлерге жалпы табыстың 3 пайызын салық ретінде төлеуді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Мещеряков өз бастамасын астаналық мәслихат комиссиясының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты отырысында жария етті.

"Жеке кәсіпкер ретінде Kaspi банкпен байланысы бар бизнесмендерге, жеке тұлғаларға жалпы табыстың 3 пайызын салық ретінде төлеуді түсіндіруіміз керек. Жалпы табыстың 3 пайызы аса үлкен сома емес. Табыс бір миллион болса – 30 мың теңге, 10 миллион болса – 300 мың теңге", - дейді депутат.

Айта кетейік, қазір жеке тұлғалардың аударымдары туралы ақпарат банк құпиясы болып табылады және мемлекеттік кірістер комитетіне берілмейді. Елордалық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қалмұханбет Ысқақов осы мәселе бойынша банкпен келіссөз жүргізіліп жатқанын айтады.

"Өткен жылы белгілі бір келісімге қол жеткіздік. Kaspi bank Kaspi Business төлем карталарын шығарып, төлемдерді бөлуге тырысып жатыр.
Егер аталған жүйені банк енгізсе, Kaspi Gold карталары арқылы төлемдер мен аударымдар жасалады. Ал бизнесі барларға Kaspi Business картасы ұсынылады. Сол арқылы барлық ақпарат мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі", - деген Ысқақов нақты салықтан үлкен шығынды көріп отырғандарын айта кетті.

Сондай-ақ, департамент басшысы картаны барлық адам қолданатынын, сондықтан тұрғындарды pos-терминал арқылы төлем жасауға және кэшбэк түрінде төлемнің белгілі бір пайызын алуға қызықтырып жатқандарын да атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің қаржы министрлігі Kaspi банкпен бірлесе отырып, қолма-қол ақшасыз аударым жасауды заңдастыру жолын қарастырып жатқанын хабарлаған еді.

Кейін қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов банк картасы арқылы аударылатын төлемдердің қандай жолмен реттелетінін айтып берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843034-deputat-kaspi-gold-ielerine-tabysty-3-pajyz-salyk-retinde-tleudi-syndy/