Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмысқа алуымды өтінді": Жемқорлық бабымен сотталған бұрынғы мектеп директоры сұхбат берді

Опубликовано:

Шымкентте мемлекеттік қызметкерлердің тағы бір легі түрмеге барды. Бұл жолы олар темір тордағы тыныс-тіршілікпен танысып қана қоймай, жемқорлық бабымен сотталып, жазасын өтеп жатқан бұрынғы мектеп директорымен тілдескен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

300 мың теңге пара алып түрмеге түскен бұрынғы мектеп директоры сұхбат берді
Фото: otyrar.kz: Facebook

Бұл жолы ИЧ-167/11 мекемесіне қаладағы бірнеше басқарманың 100-ге жуық қызметкері келіп, жемқорлықтың немен аяқталарын және түрмедегі өмір туралы бұрынғы әріптесінің аузынан естіген.

Екі жыл бұрын мектеп директоры қызметін атқарған 42 жастағы азамат жемқорлық бабымен сотталған. Сот үкімімен үш жыл үш айға бас бостандығынан айырылған ол төрт айдан бері тергеу изоляторында отыр.

Жазасын өтеп жатқан бұрынғы директор темір торға қалай қамалғанын баяндады.

"Мектеп директоры болып қызмет етіп жүргенімде маған бір кісі келіп, жұмысқа алуымды өтінді. Тіпті сыйақысын дайындап әкелгенін жеткізді. Өзім оны бірінші рет көріп тұрсамда, сеніп қалдым. Сөйтіп, қолыма 300 мың теңгесін ұстатты.  Артынан мені ұстады. Жағдай соншалықты ушығып кетеді деп ойламадым. Сот маған үкім кесті, еселенген айыппұлды төлеуге 1 ай уақыт мерзім берді. Бірақ мен төлей алмадым, ақша таппай қойдым. Сосын түрмеге қамалдым", — дейді жазасын өтеуші.

ИЧ-167/11 тергеу мекемесінде бүгінде 500-ден астам адам бар. Оның отызы - әйел болса, төртеуі - кәмелеттік жасқа толмағандар. Пара беру мен пара алу бабы бойынша мұнда қазір қамауда отырған 20 адамның 15-і – құқық қоргау органдарының өкілі. Сондай-ақ, жемқорлыққа қатысты тергеудегілерден бөлек, сотталған 6 адам осы абақтыда жазасын өтеп жатыр.

"Аула тазалаушы, асхана және тігінде жұмыс істейді. Одан кейін дәнекерлеушілік, электрик сияқты жұмыстар қарастырылған. Айлық жалақысы - 57 мың теңгеден жоғары. Айлық еңбекақысын өздерінің жақындары, туыстарына жібереді және келтірілген залал-шығын дейміз ғой, соның бір бөлігін жауып тұрады", - дейді ИЧ 167/11 тергеу мекемесі бастығының орынбасары Бақыт Булгаков.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстандағы ең жемқор облыстардың анықталғанын жазған едік. Тізім бойынша, ең жемқор өңірлердің көшін Түркістан мен Шығыс Қазақстан облысы бастаған.

Одан кейінгі орындарда Жамбыл, Ақмола, Қостанай мен Алматы облыстары тұр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843036-300-my-tege-para-alyp-trmege-tsken-bryngy-mektep-direktory-shbat-berdi/

pixel