Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашхабадта медициналық маска таққан әйелге айыппұл салынды

Опубликовано:

24 ақпанда Ашхабадта полицей медициналық маскамен жүрген келіншекті ұстап алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ centralasian.media сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

"Түркіменстан хроникасы" хабарлауынша, үйіне келе жатқан келіншекті тәртіп сақшылары маска таққаны үшін тоқтатып, сұрақтың астына алған.

"Үкіметтің вирусқа қарсы қабылдап жатқан шараларына сенбейсің бе? Біз бен басшылығымыз маска тақпайды. Сен неге маска тағып жүрсің?" ,- деген полицей масканың халық арасында дүрбелең туғызатынын мәлімдеген.

Тұтқындалған келіншек өзінің тек дәрігерлер нұсқаулығын орындап жатқанын айтса да, полиция оны бөлімшеге апарып, 249 манат (ресми курс бойынша 70 АҚШ долларынан көп) айыппұл салған. Осылайша, аурудан қорғанып жүрген әйел банк арқылы айыппұл төледі.

Айта кетейік, Италияда коронавирус жұқтырған алғашқы Украина азаматшасы тіркелді.

"Жақында коронавирус дерті расталған Украина азаматшасы Неапольдегі "Котуньо" ауруханасының инфекциялық бөлімінде жатыр. Науқастың жағдайы аса ауыр емес, оның жағдайын білуге барған туыстары карантинге жатқызылды", - дейді Украинаның сыртқы істер министрлігіне қарасты Консулдық қызмет департаментінің директоры Сергей Погорельцев.

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа коронавирустың Қазақстанға да жетуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843085-ashabadta-medicinalyk-maska-takkan-jelge-ajyppl-salyndy/

pixel