Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда 21 жастағы азамат зейнеткерді аяусыз ұрып кетті

Опубликовано:

Талдықорған қаласында 63 жастағы зейнеткерді соққыға жыққан күдікті ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: segodnya.ua
Көрнекі фото: segodnya.ua: Twitter

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "102" кезекші пультіне белгісіз адамдар қарт адамға дене күшін қолданып жатқаны туралы қоңырау түскен.

Тәртіп сақшылар аз уақыт ішінде қылмыс жасалған жердің маңынан алкогольді масаң күйде 21 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

"Анықталғандай, 21 жастағы азамат көшеде қыдырып жүріп, егде адамды көріп, соққыға жыққан. Бірақ не себепті ұрғаны белгісіз. Ол қылмысын мойындау туралы хат жазуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Оның нәтижелері сотқа дейінгі тергеуден кейін процессуалдық шешім қабылдауға жіберіледі. Аталған факті ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Қарағанды облысының түрғыны күйеуін өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірінші күйеуі де осыдан 15 жыл бұрын айыпталушы әйелдің қолынан қаза тапқан.

Ал күйеуін өлтірді деп күдікке ілінген зейнеткердің үйінде екі полиция қызметкері тұрған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843089-taldykorganda-21-zastagy-azamat-zejnetkerdi-aausyz-ryp-ketti/

pixel