Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясы уақытша виза беруді тоқтатқан елдер қатарында Қазақстан да бар

Жарияланған күні:

Сауд Арабиясының туризм министрлігі коронавирус дерегі көптеп тіркелген жеті елдің азаматтарына электронды туристік виза беруді уақытша тоқтатты. Бұл тізімде Қазақстан да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Коронавирустың алдын-алу мақсатында Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Италия және Қазақстан азаматтарына электронды туристік визалар беру тоқтатылды. Сондай-ақ, бұл елдің азаматтары саудиялық әуежайларға келген кезде де туристік визалар ала алмайды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған жеті елдің азаматтары Сауд Арабиясының визасын алып қойса да, елге кіре алмайтыны белгілі болды.

Жергілікті билік бұны "уақытша шаралар" деп түсіндірді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сауд Арабиясының билігі коронавирустың таралуына жол бермес үшін елге кіруге уақытша тыйым салғанын хабарлаған едік. Әзірге мұсылмандар Мекке мен Мединаға барып, кіші қажылық жасай алмайды.

Бұндай тыйымның қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.

Айта кетейік, еліміздің сыртқы істер министрлігі де қазақстандықтарды шетелге шығудан бас тартуға шақырған болатын. Бұл коронавирус тіркелген елдер санының күрт артуымен байланысты болып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843141-kazakstan-da-bar-saud-arabiasy-zeti-eldi-azamattaryna-uakytsa-viza-berudi-toktatty/