Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық оқушылар сабақтың жиі болмауына байланысты жазда оқи ма

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанның білім ордаларында қысқы мезгілде ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтардың жиі өтпейтіні белгілі. Желіде осыған орай оқу жылының 15 маусымға дейін ұзартылатыны туралы ақпарат тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook
"Астанадағы мектептерде сабақтардың жиі болмауына байланысты оқу жылы 15 шілдеге дейін ұзартылады", – делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі аталған ақпаратты жоққа шығарды.

Белгілі болғандай, 2018 жылы білім және ғылым министрі ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты сабақтардың болмауына орай, қалып қойған оқу сағаттарын демалыстарға ауыстыруға және оқу жүктемесін белгіленген мөлшерден арттыруға жол берілмейтінін қарастыратын бұйрыққа қол қойған екен.

Еске сала кетейік, білім беру саласының қызметкерлерімен кездескен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мектеп директорларын сынға алған еді.

Аймақ басшысы мемлекеттің мұғалімдердің әлеуметтік және еңбек жағдайын жақсарту бойынша маңызды қадамдар жасап жатқанын, ал олардан қоғам сапалы білім беруді талап етіп отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ биылғы 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда кәмелетке толмаған балалардың қоғамдық көлікте тегін жүретінін хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843223-elordalyk-okusylar-sabakty-zii-bolmauyna-bajlanysty-zazda-oki-ma/

pixel