Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік полковниктер Ресейге барып, 1,2 млн теңгені "желге ұшырған"

Опубликовано:

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері Ресейге іс-сапармен барып, 1,2 млн теңге көлемінде жұмсалған шығындар туралы есеп берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте екі полковникке қатысты сот шешімі хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық полковниктер Ресейге барып, 1,2 млн теңге құртқан
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Екі полицей де Ақтөбе облысы полиция департаментінде қызмет еткен. Олардың бірі криминалды полиция бөлімін басқарып, ал екіншісі жедел уәкіл болып жұмыс істепті.

Екі полковник сыбайлас жемқорлық қызметкерлерінің назарын 2016 жылғы іссапар құжаттары тексерілгеннен кейін аударған. Ол жылы Бекназаров пен Аманов есімді полиция қызметкерлері Ресейге барыпты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасына сәйкес, есепте ПД қызметкерлері Ресейде 15 тәулік болғаны көрсетілген, алайда шын мәнінде ол жерде 5 күн болыпты.

Күндердің санын ұзартып көрсетудің арқасында оларға көбірек ақша төленген. Нәтижесінде бюджетке 1,2 млн теңге көлемінде зақым әкелген.

Ақтөбе соты оларды "Өзгенің мүлкін иеленіп, жұмсау" бабы бойынша кінәлі деп тапты. Полиция қызметкерлері 1,6 жылға бас бостандығы мен полковник атағынан айрылды. Босап шыққаннан кейін олар ешқашан мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында прокурор, тергеуші және маман 30 мың доллар пара алды деп күдіктелуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843245-kazakstandyk-polkovnikter-resejge-baryp-12-mln-tegeni-zelge-syrgan/

pixel