jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

"Бос әңгіме": Досқалиев желіде өз атынан тараған сарымсақ туралы аудиожазбаға жауап берді

: Instagram

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап кеткен "коронавирустан қорғану үшін сарымсақ жеу қажет" деген аудиожазбаны бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев айпағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Казахстанская правда
Фото: Казахстанская правда: Instagram

Айта кетейік, желі мен мессенджерде кеңінен тараған аудио жазбада автор бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев делінген.

Осыған байланысты профессор өз пікірін білдірді.

"Аудионы мен де тыңдадым. Ол менің дауысым емес. Мен ондайды ешқашан айтпаймын. Бұл - бос әңгіме. Мұның не үшін жасалып жатқанын да білмеймін", - деді Досқалиев.

Профессордың пікірінше, коронавирустан қорғану үшін әр адам жеке гигиеналық-санитарлық нормативтерді сақтағаны жөн.

"Кез келген ортада бірінші болып байланыс жасайтын адамның қолы. Барлығын қолмен ұстап көреміз. Инфекция әр затта болуы ықтимал. Адам үйге кірген кезде міндетті түрде қолын жууы қажет. Адам лифт ішінде лифт тетігін басады. Көпқабатты үй болса, сатылармен көтерілген кезде де қолымен ұстайды", - деді бұрынғы министр.

Досқалиев көп адам шоғырланған ортада медициналық бетперде кию қажеттілігін ескертті.

"Адам көп баратын ойын-сауық кешендерінде бетперде киіп жүру керек. Қажет болмаса, көпшілік жерге бармаған жөн. Бұл инфекция елімізге кірген жоқ. Жаппай бетперде тағып жүретіндей жағдай туып тұрған жоқ", - деді ол.

Еске сала кетсек, әлем бойынша инфекция жұқтырған 88 984 адамның 80 174-і Қытайда тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінге дейін Қытай Халық Республикасында коронавирустан 2915 адам көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

"Бос әңгіме": Досқалиев желіде өз атынан тараған сарымсақ туралы аудиожазбаға
жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.