Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" спорт клубы басшылары қамауға алынды

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі "Астана" президенттік кәсіпқой спорт клубына қатысты жаңа былықтардың бетін ашты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Телеарна мәліметінше, осыған дейін қолды болған 2 миллиард теңгеден астам қаражатқа "Астана Моторспортс" басшысы, белгілі автошабандоз Артур Ардавичус айыпталған.

Белгілі болғандай, күдіктілер қатарына президенттік клубтың директоры Аманбек Көлшіков пен "Астана PRO Team" велокомандасының басшысы Ләззат Шәмшиева қосылды.

"Сонымен қатар, қаражаттың мақсатты жұмсалғаны туралы Шамшиева және Ардавичус ұсынған жалған есептерді қабылдаған. Артық бөлінген ақша қаражаты шетелдік компаниялармен жалған келісімдер жасау және оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру, үй-жайларды жалға алу, тауарлық-материалдық құндылықтар сатып алу және т.б. бойынша жалған актілерге қол қою жолымен жымқырған", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас сарапшысы Сымбат Исрапулова.

Телеарна мәліметінше, күдіктілердің, одан бөлек, жалған құжат жасағаны мәлім болған.

"Қазір Көлшіков және Шамшиева Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына орналастырылған, сот оларға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады. Ардавичусқа, оның ішінде Интерпол желісі бойынша да, халықаралық іздеу жарияланды. Іс бойынша күдіктілердің Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы қымбат мүліктері, автотранспорттық құралдар, элиталық пәтерлер, жер учаскелері қоса анықталып, тыйым салынды", - деді Сымбат Исрапулова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843795-astana-sport-kluby-bassylary-kamauga-alyndy/

pixel