Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белоруссияда алты адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Беларусь республикасының денсаулық сақтау министрі елде алты коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

белар
Көрнекі фото: Getty Images / Woohae Cho: Facebook

РИА Новости-дің жазуынша, оның төртеуі мемлекет астанасы - Минскте тіркелген.

Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, бұған дейін хабарланған екі вирус жағдайы да расталған. Зертханалық диагностика жүргізіліп, нәтижесінде инфекцияның бары анықталған.

Соңғы ресми деректерге сүйенсек, республика аумағында Минск пен Витебск облысында коронавирустық инфекцияны алты адамның жұқтырғаны белгілі болып отыр.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирус инфекциясы Қытайдан бөлек әлемнің 72 елінен анықталған. Сондай-ақ дүние жүзі бойынша 10 556 адам аталмыш індетті жұқтырып алған. Одан бөлек, 37 адам коронавирустың құрбанына айналған.

Вирус Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия елдерінде кең тарап жатыр. ЕО елдерінде екі мыңға жуық адам ауырып, 38-і көз жұмған. Олардың дені – Италия азаматтары.

Одан бөлек, Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейс (аптасына 34 рейс) 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап тоқтатылғанын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843940-belorussiada-alty-adamnan-koronavirus-anyktaldy/

pixel