Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сақтықта қорлық жоқ": Атырау облысы мерекелік шараларды өткізбейтін болды

Опубликовано:

Атырау облысында күллі әлем тойлайтын Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жоспарланған мерекелік іс-шаралар өткізілмейтін болды. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сақтықта қорлық жоқ": Атырау облысы мерекелік шараларды өткізбейтін болды
Махамбет Досмұхамбетов. Фото: www.facebook.com: Facebook

Өңір басшысы Faceebok-тегі парақшасында ресми хабар таратты.

"Коронавирус инфекциясы қазіргі кезде әлемнің көптеген еліне тарады. Барлық мемлекеттер қауіпті вирусқа қатысты алдын алу іс-шараларын күн сайын күшейтіп жатыр.

Елімізде аталған инфекция тіркелген жоқ. Алайда, «сақтықта қорлық жоқ» деген ұғымды ұстанған халықпыз. Сондықтан, Қазақстанда да республикалық деңгейде сақтық күшейтілді.

Біз де қауіпсіздік мақсатымен облысымызда 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараларды өткізбеу туралы шешімге келдік.

Сіздердің бұған түсіністікпен қарайтындарыңызға сенемін", - деп жазды облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Айта кетерлігі, Атырау облысы елімізде көпшілікке арналған мерекелік жиындар мен шараларды тоқтатқан алғашқы өңір емес.

Бұған дейін Маңғыстау облысында мәдени іс-шараларға шектеу қою туралы шешім қабылданған болатын. Өңірдің бас мемлекеттік дәрігерінің орынбасары Гүлнар Көркінбаева коронавирустың облыс аумағына енбеуі үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын айтты

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844109-saktykta-korlyk-zok-atyrau-oblysy-merekelik-saralardy-tkizbejtin-boldy/

pixel