Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар елге оралғысы келетінін айтты
Опубликовано:
Индустрия мен инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев Оңтүстік Кореядағы кейбір Қазақстан азаматтары елге оралуға ниет білдіріп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com](https://cdn.nur.kz/images/1120/198b6a9c96ad4b71.jpeg)
"Бүгінгі күні Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігіне жүгініп, отанына оралғысы келетінін айтқан азаматтар бар. Эвакуация мәселесі әлі өткір емес. Айтып өткенімдей, бізде апта сайын рейстер жасалады. Оған қоса, біз елге 700-ге жуық жолаушыны жеткізе аламыз" , - деді Берік Қамалиев.
«ЕАЭО азаматтарына қазақстандық тасымалдаушылардың бортына отыру мүмкіндігі берілгені рас па? Әлде ол тек Қазақстан азаматтарына рұқсат етілген бе?" , - деген сұрақтарын қойды журналистер қауымы вице-министрге.
Қамалиев аталмыш борттар тек қана біздің азаматтарға арналғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда 34 мыңнан астам отандастарымыз бар деп хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, 8 наурыздан бастап Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтары Қазақстанға кіре алмайды. Шара COVID-19 вирусын Қазақстанға кіргізбеу үшін қабылданып отыр. Бұл туралы индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Қамалиев хабарлады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844160-otstik-koreadagy-kazakstandyktar-elge-oralgysy-keletinin-ajtty/