Коронавирус: Мәскеуде жыл сайын өткізілетін үлкен форумға шектеу қойылды
Жарияланған күні:
Санкт-Петербург экономикалық форумын ұйымдастырушылар коронавирустың таралу қаупіне байланысты 3-6 маусымда жоспарланған шарадан бас тарту туралы шешім қабылдады. Форум 1997 жылдан бері өткізіліп келеді, соңғы жылдары оған жылына 10 мыңға жуық адам, оның ішінде әр түрлі елдердің жоғары дәрежелі саясаткерлері келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресей астанасында коронавирустың таралуын тоқтату жөніндегі шараларды жариялады.
Нұсқаулық Мәскеу қаласы басшысының сайтында көрсетілген.
Автоматты түрде Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Иран, Германия және Испаниядан ұшып келгендердің барлығы екі аптаға карантинге жатуға міндеттелді.
Карантин жұмысқа, оқуға бара алмайтынын, сонымен қатар шаралар тізімінде көрсетілген қоғамдық орындарға барудан аулақ болуды білдіреді.
Билік қызметкерлерінің жағдайын бақылау жауапкершілігі жұмыс берушілерге жүктеледі.
"Жұмыс берушілер барлық қызметкерлердің температурасын өлшеп, температурасы көтерілгендерді уақытша жұмыстан шеттету керек", - делінген шаралар тізімінде.
Алайда, жарлықтың мәтінінде Собянинның талаптарын сақтамаған азаматтар мен жұмыс берушілер қандай жауапкершілікке тартылатындығы түсіндірілмеген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайдан тыс жерде коронавирусты жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асқаны белгілі болды. Бір тәулік ішінде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 2 мың адамға артты.
Онлайн-дайджестің мәліметі бойынша, 5 наурызда әлем бойынша қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 95 мыңнан асқан. Одан бөлек, 51 мың науқастың коронавирустан айыққаны анықталды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844238-koronavirus-mskeude-zyl-sajyn-tkiziletin-lken-forumga-sekteu-kojyldy/