Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде дүкеншіні жауыздықпен өлтірген екі қаскөйге сот үкімі шықты

Опубликовано:

Ақтөбеде дүкеншіні отыз жерден пышақтап жауыздықпен өлтірген нашақорларға үкім шықты. Сот жасаған қылмыстарының ауырлығына орай Марат Жүсіповті 20 жылға, ал оның сыбайласы Александр Каневті 16 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Кадр Астана арнасы
Кадр Астана арнасы: UGC

Сот алдына келген екі азамат жеті ай бұрын Бадамша ауылындағы дүкенге шабуыл жасаған еді. Дүкенші Феруза Пірманованы отыз жерден пышақтап, жауыздықпен өлтірген.

Марқұмның алтындарын шешіп алып, кассадағы 150 мың теңгені алып кеткен.

Қаскөйлерге сотта соңғы сөз берілген. Алайда олар жақ ашпаған. Белгілі болғандай, Марат Жүсіпов бұған дейінде істі болған екен. Енді 20 жылға сотталған ер адам мен оның сыбайласы Александр Канев жазасын қауіпсіздігі ең жоғары түзету мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ бұлар түзету мекемесінде нашақорлық пен маскүнемдіктен мәжбүрлі емделетін болады.

Бірақ марқұм болған Феруза Пірманованың жақындарының үкімге көңілі толмай отыр.  

"Негізі өмір бойыға жіберу керек еді. Ең қата жаза сол болар еді. Басқа айтарым жоқ", - дейді марқұмның жұбайы Тілекстес Пірманов.

Айта кетейік, прокурор жарыссөз кезінде Марат Жүсіповке өмір бойына, ал Александр Каневке 15 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Жәбірленуші тарап апелляцияға жүгіне ме, жоқ па әзірге белгісіз.

Сонымен қатар сотталушылар марқұмның отбасына 9 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуі қажет.

Б. Рахметова

Еске сала кетейік, өткен жылы Ақтөбе облысы Бадамша ауылында болған дүкеншінің өлімі жергілікті халықты дүр сілкіндірген еді. Жантүршігерлік оқиға ауылда зейнетақы берілген күні түскі мезгілде болған. Кейін қайғылы жағдайдың мән-жайын марқұмның денесін тауып алған жолдасы баяндап берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844355-aktbede-dkensini-zauyzdykpen-ltirgen-eki-kaskjge-sot-kimi-sykty/

pixel