Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашуын ұстай алмаған Нурмагомедов чемпиондық белдікті бір тепті (видео)

Опубликовано:

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы "Ти-Мобайл Арена" стадионында 31 жастағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен 36 жастағы Тони Фергюсонның кездесуіне арналған ауқымды баспасөз конференциясы өтті. Алайда көз арбасу сәтіне келген кезде қос спортшы жанжалдасып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Чемпионат" сайтына сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/ufc
Фото: instagram.com/ufc: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, баспасөз конференциясының соңынан кейін әдеттегідей көз түйістіру рәсімі өту керек болған. Алайда Нурмагомедовқа бетпе-бет тұрған Фергюсон ресейлік спортшыны арандатып, оның шамына тие бастаған.

Тіпті, ол 2017 жылы Кевин Лимен болған жекпе-жекте жеңіп алған UFC белдігін жерге қойып, Нурмагомедовқа тағы бір сөздер айта бастаған.

Нәтижесінде Хабиб эмоциясын ұстай алмай аяғының астында жатқан Фергюсонның белдігін бір тебеді.

Осылайша файтерлердің көз арбасу рәсімі өтпей қалған. UFC президенті Дэн Уайт күзетшілерге белгі беріп, олар Фергюсонді тоқтатқан.

Айта кетейік, Хабиби Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы кездесу 18 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтеді. Бұған дейін спортшылардың жекпе-жегі төрт рет болмай қалған.

Айта кетейік, таяуда Sherdog статистикалық порталы салмақ санаттарына қарамай аралас жекпе-жектің рейтингін (MMA) жаңартты. Тізімде Хабиб Нурмагомедов көш бастаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844363-asuyn-staj-almagan-nurmagomedov-cempiondyk-beldikti-bir-tepti-video/

pixel