Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада өтпеген жағдайда Жапонияның қанша млрд доллар шығынға ұшырайтыны белгілі болды

Опубликовано:

Токиодағы 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының өтпеуі жапон экономикасына 7,8 трлн иен (74,2 млрд доллар қазіргі курс бойынша) шығын әкеледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: 24tv.ua
Көрнекі фото: 24tv.ua: Depositphotos

Nikko Securities қаржы компаниясының мәліметінше, коронавирустың таралу қаупіне байланысты Олимпиаданы болмауы елдің жалпы ішкі өнім өсімі жылдық есепте 1,4 %-ға қысқарады.

Жапон корпорациясының табысы 2020 жылы 24,4%-ға төмендейді деп санайды Nikko Securities.

Жапон компаниясы егер коронавирустың таралуы биылғы жылдың шілдесіне дейін толығымен тоқтамаса, Жазғы Олимпиада ойындарының болмайтынына сенімді.

Жапонияның ЖІӨ 2019 жылы шамамен 5,15 трлн долларды құраған. Қазіргі уақытта бұл елде коронавирусты жұқтырғандар саны 1 мың адамнан асты, 12-сі көз жұмған.

Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі (696 адам) Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері.

Айта кетейік, бұған дейін Калифорния жағалуында Diamond Princess кемесі тиесілі компанияның тағы бір круиздік лайнері карантиге жабылғанын хабарлаған едік.

Grand Princess-тегі 21 адамнан коронавирус анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844414-olimpiada-tpegen-zagdajda-zaponiany-kansa-mlrd-dollar-sygynga-syrajtyny-belgili-boldy/

pixel