Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан коронавирус бойынша ең қауіпті елдердің жаңартылған тізімін жариялады

Опубликовано:

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың таралуына орай қауіпті елдердің тізімі өзгертілген жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: РИА Новости/ Александр Кряжев
Фото: РИА Новости/ Александр Кряжев: Facebook

Бас санитарлық дәрігердің жаңа жарлығы 7 наурыздан бастап күшіне енді.

Өзге елдерден келген қазақстандықтар барлық жазылған ережелер мен сақтық шараларын сақтауы тиіс. Атап айтқанда, олар медициналық мекемеде карантиннен өтіп, сондай-ақ үйде дәрігерлердің бақылауында болуы керек.

Аталған іс-шаралар коронавирустың республика аумағына таралуының алдын алу мақсатында қабылданып отыр.

Сонымен, COVID-19 бойынша ең қауіпті елдер тізімі:

1А санаты (медициналық мекемеде міндетті карантин) – ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея; 1Б санаты (екі апта үйдегі карантин) – Италия.

Екінші санат – Германия, Испания.

Үшінші санат – Жапония, Таиланд, БАӘ, Франция, Швеция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания, Швейцария, Сирия, Гонконг.

Айта кетейік, бұған дейін жалпы алғанда әлем бойынша 100 мыңнан астам жанның коронавирус жұқтырғанын, ал осы дерттің салдарынан 3,4 мың адамның қайтыс болғанын жазғанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844424-kazakstan-koronavirus-bojynsa-e-kauipti-elderdi-zaartylgan-tizimin-zarialady/

pixel