Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көше сыпырушыларды құттықтаған балақай елдің жүрегін елжіретті (видео)

Опубликовано:

Ақтауда 10 жастағы мектеп оқушысы қалалық коммуналдық қызметте жұмыс істейтін нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Коллаж: NUR.KZ. Кадрлар: instagram.com/alizhan_13 видеосынан
Коллаж: NUR.KZ. Кадрлар: instagram.com/alizhan_13 видеосынан: Facebook

Ақтаулық оқушы қаладағы дәмханалардың біріне сағыз сататын аппарат орнатқан. Барлық тапқан табысын коммуналдық қызмет өкілдеріне сыйлық алуға жұмсаған екен.

Кішкентай Әлижан видеоны өзінің Istagram парақшасында жариялады.

Видеода оқушының көше сыпырушыларға жақындап, гүл шоғын сыйлап, 8 наурыз мерекесімен құттықтап жатқанын көруге болады. Бұл идеяны оған анасы айтыпты.

10 жасар баланың әрекеті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.

"Жарайсың, Әлижан! Сен сияқтылар көп болсын! Өзіңе және жақындарыңа зор денсаулық тілеймін", – деп жазды пікір білдірушілердің бірі.
"Ақылдысын-ай! Сенің анаңа үлкен рақмет!, – деді қоғам қайраткері Ирина Медникова.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында нәзік жандыларға деген өзінің жылы лебізін білдірген болатын.

Сондай-ақ бұған дейін президент әлемде коронавирустың кең таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концерттің өтпейтінін мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844429-kse-sypyrusylardy-kttyktagan-balakaj-eldi-zregin-elziretti-video/

pixel