Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаңды дауыл, бұрқасын: Еліміздің кей өңірлерінде ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Шаңды дауыл, бұрқасын: Еліміздің кей өңірлерінде ескерту жарияланды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бүгін, 9 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда қаласында да шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Cонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының кей бөліктерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ал Петропавл қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ, бүгін Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Оған қоса Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844481-sady-dauyl-brkasyn-elimizdi-kej-irlerinde-eskertu-zarialandy/

pixel