Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ боксшылары Токидағы Олимпиада ойындарына жеті жолдама жеңіп алды

Опубликовано:

Белгілі бапкер Ғалымбек Кенжебаев жаттықтыратын бокстан Қазақстан ерлер құрамасы сегіз салмақтың жетеуінде Токио олимпиадасының жолдамасын еншіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Instagram

Ел қоржынына жетінші жолдаманы 57 келіге дейінгі өнер көрсеткен Серік Теміржанов салған.

Боксшы ширек финалда ирандық Даниал Шахбахшымен кездескен болатын. Алғашқы раундта төрешілер 4:1 есебімен жеңісті отандасымызға берсе, екінші раундта 5:0 есебімен Серіктің пайдасына аяқталды.

Ал үшінші раундта Теміржановтің жеңісіне еш күмән болмаған. Нәтижесінде 21 жастағы жас боксшы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.

Енді жартылай финалда Серікті әлем чемпионы, өзбекстандық Миразизбек Мырзахалилов күтіп тұр. 

Еске сала кетсек, осыған дейін Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левиттің (91 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (91-ден жоғары) Олимпиада жолдамасын иеленгенін хабарлаған болатынбыз.

Кейін бұл қатарды Серік Теміржанов (57 келі), Зәкір Сафиуллин (63 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) толықтырды.

Осылайша қазақ боксшылары Токидағы Олимпиада ойындарына жеті жолдама жеңіп алып отыр.

Ал қыздар арасындағы жалғыз жолдаманы елімізге Надежда Рябец (75 келі) сыйлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844556-kazak-bokssylary-tokidagy-olimpiada-ojyndaryna-zeti-zoldama-zeip-aldy/

pixel