Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италияда үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдеріне тыйым салынды

Опубликовано:

Италияда коронавирусқа байланысты ауқымды карантин жарияланды. Осыған сәйкес барлық оқу орындарының жұмысы тоқтатылып, үйлену тойлары, жерлеу рәсімдері мен шіркеу қызметтеріне тыйым салынды. Ал барлар мен мейрамханалар тек кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ANSA
Фото: ANSA: Instagram

Коронавирусқа қарсы жаңа шаралар туралы Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте хабарлады.

Ол белгіленген шектеулер бұған дейін тек солтүстік өңірлерге ғана қатысты болса, енді бүкіл елді қамтитынын атап өтті деп жазады РИА Новости.

Үкімет басшысының сөзінше, статистика елде коронавирусты жұқтырғандар мен көз жұмғандардың саны өсіп жатқандығын көрсетіп отыр, сондықтан билік осындай қатаң шараларды қабылдауға шешім қабылдаған.

Осыған байланысты 10 наурыздан бастап елдегі барлық тамақтандыру орындары тек кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Егер мекемелерге келушілер өзара қашықтықты сақтаған жағдайда ғана олар жұмысын жалғастыра алады.

Оқу орындары болса, студенттерді 3 сәуірге дейін демалысқа жіберді.

Көңіл көтеру орталықтары, мысалы, дискоклубтар, құмар ойындарына арналған залдар уақытша жабылған.

Сондай-ақ театр, кинотеатр, мұражай және спорт залдардың жұмысы тоқтатылған.

Одан бөлек, елде үйлену тойлары, жерлеу рәсімдері сияқты кез келген рәсімдерді өткізуге тыйым салынған.

Ал қоғамдық көліктер бұрынғыдай жұмысын жалғастыра бермек.

Айта кетейік, бүгінде Италияда 9 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Инфекциядан 470 адам қайтыс болып, 740-тан астам адам дертті жеңіп шыққан.

Еске сала кетейік, осыған дейін Италияның солтүстік өңірлерінде карантин жарияланғанын хабарлаған едік.

Карантин аймағына Ломбардия әкімшілік облысы толығымен, сондай-ақ елдің басқа облыстарындағы 14 провинция және әйгілі Милан мен Венеция қалалары да кірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844561-italiada-koronaviruska-bajlanysty-jlenu-tojlary-men-zerleu-rsimderine-tyjym-salyndy/

pixel