jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Айнаға қарамай ма: Зейнеп Ахметова үлкен әйелдердің шалбар киіп жүргенін сынға алды

    : Facebook

    Барша қазақтың ардақты келіні атанған белгілі жазушы Зейнеп Ахметова көйлек киюді ұмытып, кез келген жерге шалбар киіп баратын әйелдерді сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ахметова
    Зейнеп Ахметова. Жетісу телеарнасының видеосынан кадр: Facebook

    Бауыржан Момышұлының келіні Жетісу телеарнасындағы "Қателік" бағдарламасына сұхбат берген.

    Сұхбат барысында Зейнеп Ахметова шалбарды жарасып тұрмаса да кез келген жерге киіп баратын жандарды сынға алды. Оның сөзінше, шалбар киген соң айнаға қарау керек.

    "Өлімге де шалбармен барады, мешітке де шалбармен барады. Театрға шалбармен барады. Алла-ай, театр деген өнер ордасы ғой. Қазір театрға барып көрші, тура базардан картошка сатып отырған жерінен жетектеп әкелген сияқты.
    Жарайды, кейде жас қыздарға шешесі айтпаған шығар дейсің. Құдай-ау, алды кебежедей, арты тегенедей болып, сеп-семіз бәйбішелердің шалбар киіп алатынын қайтерсің. Айнаға қарамай ма екен солар? Кейбіреуінің аяғы доға, бұтының арасынан ит өтіп кететіндей. Бірақ сонда да мәдениетті болған сиқы", - деді жазушы.

    Сондай-ақ ол "тырысқан" шалбардың тұрмысқа шықпаған, әлі бала тумаған келіндер үшін қауіпті екенін айтты. Ахметованың сөзінше, адамның сүйегі, мықымы өзгеретіндіктен, "тырысып" тұратын шалбар бала тууға зиянын тигізеді.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Зейнеп Ахметова Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы берілмегенін айтқан болатын.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Айнаға қарамай ма: Зейнеп Ахметова үлкен әйелдердің шалбар киіп жүргенін сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.