Британия денсаулық сақтау министрінің орынбасарынан коронавирус анықталды
Опубликовано:
Ұлыбритания билігінде науқастардың қауіпсіздігі мен өзін-өзі өлтіру мен психикалық денсаулықтың алдын алу жөніндегі министр Надин Доррис COVID-2019 коронавирус инфекциясын жұқтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Дорристің сөзінше, коронавирусқа жасалған сынақ оң нәтиже көрсеткеннен кейін ол , үйінде оқшауланған.
Өткен жексенбіде Доррис Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен бірге қабылдауда болған. Сондай-ақ, ол парламент пен минитрлікте жүздеген адаммен кездесіпті.
"Англияның қоғамдық денсаулық сақтау министрлігі байланыстарды жіті бақылауға кірісті. Мен және менің парламенттік кеңсем олардың кеңестеріне барынша құлақ асуда",- деп хабарлады министрдің орынбасары.
Ұлыбританияда коронавирусты жұқтырудың 300-ге жуық жағдайы тіркелді.
Еске сала кетейік, соңғы мәлімет бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113 мыңнан асты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте қатерлі дертке 4 125 адам шалдығып, 203 адам қайтыс болғанын мәлімдеді.
Ведомствоның соңғы ақпаратына сәйкес, әлемде вирус жұқтырудың 113 702 жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде 80 924-і Қытайда анықталған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844770-britanialyk-ministrden-koronavirus-anyktaldy/