Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаларды "кәмпит беремін" деп алдап азғындық жасаған ер адам сотталды

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысында кішкентай қыздарға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған ер адам 20 жылға сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, 22 жастағы жергілікті тұрғынға қытысты үкім алқабилердің қатысуымен шығарылған.

Елді дүрліктірген жағдай 2019 жылдың 26 шілдесінде Теректі ауданында орналасқан ауылда болған.

Сотталушы "кәмпит беремін" деп 2014 және 2012 жылғы қыз балаларды өзінің үйіне алдап, шақырған. Кішкентай бүлдіршіндер 22 жастағы ер адамның соңынан еріп барғаны белгілі болды. Басылым мәліметінше, жергілікті тұрғын сол күні есікті ішінен кілттеп, кішкентай қыз балаларға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Сот отырысы кезінде айыпталушының кінәсі толықтай дәлелденіп, ол қылмыстық кодекстің 121 бабы 4 тармағы ("Жәбірленушілердің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаларға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

22 жастағы ер адам қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы облысында жоғалып кеткен 7 жастағы қыз баланың жертөледен табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844963-balalardy-kmpit-beremin-dep-aldap-azgyndyk-zasagan-er-adam-sottaldy/

pixel