Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Канада премьер-министрінің әйелі коронавирус жұқтырған болып шықты

Опубликовано:

Батыстың басылымдары Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның әйелі Трюдо Софи Грегуар-Трюдоның әлем халқын дүрліктірген коронавирусқа шалдыққанын жарыса жазуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Джастин Трюдо және Софи Грегуар-Трюдо. Фото: Cole Burston / Stringer / Getty Images
Джастин Трюдо және Софи Грегуар-Трюдо. Фото: Cole Burston / Stringer / Getty Images: Getty Images

Бұған дейін БАҚ беттерінде Канада премьер-министрі мен оның әйелі пневмонияның жаңа түрімен ауырады деген күдікке ілініп, карантинге жатқызылғанын хабарлаған болатын. Бұл Канада үкіметі басшысының әйелі Ұлыбритания астанасынан оралғаннан кейін орын алған.

Mash Telegram арнасында жарияланған мәліметтерге сенсек, анализ нәтижесінде Софи Грегуар-Трюдодан SARS-CoV-2 коронавирусының бар екендігі анықталған. Ал Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдода да аурудың ешқандай белгілері жоқ.

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 коронавирусын пандемия деп бағалады.

Осыдан кейін мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады.

Бұл туралы президент өзінің Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845166-kanada-premer-ministrini-jeli-koronavirus-zktyrgan-bolyp-sykty/

pixel