Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шектеу қойылған рейстерге билет алған қазақстандықтар не істеу керек

Жарияланған күні:

Кеше коронавирус таралу деңгейі жоғары елдерге сапар шегуге тыйым салынғаны белгілі болды. Әлдеқашан билет сатып алған азаматтар не істеуі керектігін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шектеу қойылған рейстерге билет алғандар не істеуі керек
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ел билігі бірнеше мемлекетке ұшатын рейс санын қысқартты. Бұл тізімге Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Венгрия, Чехия, Польша, Түркия, Украина, Беларусь, БАӘ және Грузия кіреді.

Шектеу шараларына байланысты шетел әуе компанияларына билеттердің құнын қайтару немесе еш айыппұлсыз басқа күнге қайта брондау ұсынылды.

Министрліктің хабарлауынша, 16 наурыздан басталатын рейстерге билет алғандар сатып алған жерінен билет құнын қайтарып ала алады. Келесі әуе компанияларына хабарласып, туындаған сұрақтар бойынша жауап ала аласыздар:

  • ·«Turkish Airlines»: +7 727 3123250, 51, тәулік бойы;
  • «Белавиа»: +7 7172 320241, 09-00-ден 19-00-ге дейін;
  • «Fly Dubai»: +7 800 070 2833, (ұялы телефон арқылы қоңырау шалу тегін), тәулік бойы;
  • «Etihad Airways»: +7 800 5556248, тәулік бойы;
  • «Pegasus Airlines»: +7 705 5558444, тәулік бойы;
  • «Uzbekistan Airways»: +7 7172 910459, 60; 09-00-ден 19-00-ге дейін;
  • «Эйр Астана»: +7 7172 584477, +7 727 2444477, +7 702 7024477, тәулік бойы;
  • «SCAT»: +7 7252 998880, тәулік бойы.

Қазақстандықтар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталыққа хабарласа алады: 8 (7172) 64 58 41.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845176-sekteu-kojylgan-rejsterge-bilet-algan-kazakstandyktar-ne-isteu-kerek/